Текст
Наурыз мерекесі мектепте өте көңілді өтті. Әр сынып ұлттық сал-дәстүрлерді көрсетті оның ішінде ат қою, сырға салу, бастаңғы жасау т.б Оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Әр сынып ауылдарға бөлініп, дастархан жайды. Үстелге ұлттық тағамдар қойылды. Әр сынып өз наурыз көжелерін қонақтарға ұсынды. Соңында қол жайылып,бата айтылды.