Тақырыбы: ««Мен қазақпын, мың
өліп, мың тірілген… » Мақсаты: білімділік-Қазақстанның тәуелсіздігі туралы оқушылар білімін
арттыру;
тәрбиелік- жас ұрпақтың
бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру; дамытушылық- оқушылардың дербес жұмыс
істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді,
оқиғаларды саралап, олардың себеп-салдарын анықтауға, есіне сақтауға
дағдыландыру; Көрнекілігі:презентация,
суреттер, қанатты сөздер, кітаптар, буклеттер.
Барысы: Мұғалім:
Армысыздар қадірлі қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне
30 жыл болды.Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «МЕН
–ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…» атты
тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Атыңнан айналайын егемен ел Тәуелсіз
күнің бүгін, кенеле бер
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік
Ғасырдың
тойы болшы келе берер
Диана: Шарықта, шарла
көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты
сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ
шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
Қазақстан
Республикасының әнұраны орындалады. Тоғжан: Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне
азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым
мен ендігім,
Шешіл енді шемен
болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен
Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр
-арқаңнан айрылып Қонақ-Тәуелсіздіктен,
Қала
көрме айрылып Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың
тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең
жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: Қазақ
халқы азаттық үшін талай қиындықты бастанкешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді.
Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп
өтейік
1723-1725 жылдар
Ақтабан шұбырынды.
1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы
көтерілісі 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс. 1916 жылы Амангелді
Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1932-1933
жылдар ашаршылық кезеңі. 1936-1938 жылдар
репрессия кезеңі.
1941-1945
жылдар Ұлы Отан соғысы. 1986 жылы Алматыдағы
Желтоқсан оқиғасы дүниені дүр сілкіндірді. Орталық Комитетінің пленумында
Дінмұхамбет Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы
Орталық комитетінің бірінші хатшысы
міндетін босатты, орнына орыс азаматы Колбин келді. Сонымен 16 желтоқсанда
таңғы сағат 7-де Брежнев атныдағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Бір топ
жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады. «Пленум шешіміне қарсымыз! Әр ұлтқа өз басшысы!Колбинді
әкетсін! Қонаевтің өзі сөйлесін!» деп жастар
шықты.Оларды екінші топ
ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап
алады. Қайрат Қайрат! – деп топ шуласып
тарайды.Тәуелсіздіктің
құны міне осындай… Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт
болды. Токенова Алуа: Желтоқсанның мұзға
жанған алауы, Қайсар
рухты ұл - қыздардың қалауы. Сағым
болып ерліктерге шақырды, Көз
ұшында тәуелсіз ел жалауы.
Күн шыққанда түнерген бұлт астынан,
Қанат
қақты қиялға жас қыран. Шықты
алаңға бейбіт шеру жасауға «Туған
жерім, Қазақстан!» боп ұран. Дильназ;Мұз жастантып, ұрды, соқты,
сабады, «Ұлтшылдар»
деп түрмелерге қамады. Ерліктерін
батырлардың Қайраттар, Ербол,
Ләззат, Сәбиралар жалғады. Тәуелсіздік
– жастар қаны мұздағы, Өрімдей жас
ұлдары мен қыздары. Өтсін
мейлі жылдар жылжып, ғасырлар, Жазылмайды жүректегі сыздары. Тәуелсіздік
– жалғыз кием тәу етер, Төгілмеді
жастар қаны тым бекер.
Ерте солған, үзілген гүл -
бәйшешек,
Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер. Шындық
іздеп шырғалаңда саспаған, Рухы
биік жастарымыз басқадан.
Азаттықтың ең алғашқы сатысы
Баспалдағы Желтоқсаннан басталған.
Сержан: Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің
оты өшкен күн.
Жанына
таппай бір шындық,
Ер
Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы
езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау
жанын батпан күн!
Мұғалім:Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат
Асанова, Жансая
Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986
жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті,
бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от
жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен
келбетіне бас иеміз. Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік
жариялаймыз.
Ән «Желтоқсан желі» Ералы:
Мен
қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші
материктей,
Бірақ
барша адаммен тең өстім мен.
Мен
қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта
тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір
тірілдім қайта өлмеске
Айта
бергім келеді, айта бергім. Мейірхан:Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан,
байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен
бейбітшілік еліме.
Айым:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен
екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық, құтты
болсын қуаныш!
Женисова Алуа:Жиырма
бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да
босаттық.
Ақтадық біз ата-баба
үмітін, Қолда қазір көк ту менен
бостандық.
Ильяс:Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда
күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
Ән
«Ұлы Дала»
Тәуелсіздік
шежіресі Дильназ:
1991ж Тәуелсіздік алған жыл.
Ералы:1992жылы
Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Мейірхан:1993жылы 15қараша «Ұлттық
валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға
түсті.
Сержан:1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен
медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке
самғады.
Айым:1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата
Заңы» қабылданды.
Диана:1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І
сессиясы болып өтті.
Ильяс:1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды.
Токенова
Алуа:1998жылы 6 мамыр Астана күні .
Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде
Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана
қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
Тоғжан:1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан
Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Женисова
Алуа: 2000жылы «Мәдениетті қолдау
жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды.
Дильназ:2001жыл 21ғасыр бастамасы. тәуелсіз мемлекетімізге
10жыл толды.
Ералы:2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
Мейірхан:2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды.
Сержан:2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды.
Айым:2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
Диана:2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне
15жыл толды. Ильяс:2007жылы «Қазақ тілін қолдау»
жылы.
Токенова Алуа.2008жылы Астананың сол
жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі
толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі
91метр.
Тоғжан:2009жылы Қазақстан
Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары жасалынды.
Ж Алуа 2010жылы
Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті.
Дильназ:2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының
сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі
«Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге
20жыл толды.
Ералы: 2012
жылы 22 қарашада ЕХРО-2017халықаралық көрмесiн өткiзу құқығын ие болады
Мейірхан:
2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды
және оның аты «Бірлік» болып аталды.
Сержан:
2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
Айым:2015 жыл Қазақстан бүкіл әлеммен бірге Ұлы Отан
соғысындағы фашизмді жеңген жеңістің 70 жылдығын мерекеледі.
Дильназ: 2016
жыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл.
Мұғалім:Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып,
тәуелсіз ел болдық.25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды Мейірхан:Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың
жұлдыздардың жарығын. Алтын заңың құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты
болсын, алыбым! Сержан: 25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас
бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға
жалғасқан
Қазір, міне артта
қалды келмес күн Ералы: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің
берекесі. Сержан: Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
Би
орындайтын 5-6 сынып қыздары
Мұғалім: Ауыр күнді
артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым
қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы,
Туды ұстап
тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«елім,
жерім» деп ұрандап тайсалмай.
Бір керемет жасады-ау кісілік.
Ж
Алуа. Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным,
бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі
мәңгі дастаным, Парақтап сені киеңді түсіне
бастадым.
Сен менің арым,
бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт
болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау
алған теңдігі, Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған
Тәуелсіздік жолында Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Диана: Ұлан-байтақ жеріңді Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау
аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін
еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ, Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
Дильназ:Туған
жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым
қастерледім
Туған жердей жер
болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені
аяулы елім
Қастерлесең табынсаң
думан елге
Ардақты да мен деген
бол азамат
Елім жерім деген ер
жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл
аманат
Ол аманат еткен адам
Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да
сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді
ол қаншама Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
Тоғжан: Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын
нұр елім.
25 жылда шықтың талай
белеске,
Қазақстан жасай берші
гүл елім
Ән
«Елге тілек»
Мұғалім: Құрметті
ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…» атты Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл мерекесіне орай тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.