Сабақтың
тақырыбы: «Алтын қақпа»
лингвистикалық ойыны
Сабақтың
мақсаты:
Мақал-мәтелдердіңқыр-сырына үңіле отырып, оқушылардың тіл
мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, жан-жақты болуға және жылдам ойлау
қабілетіне ықпал ету, аталы сөздер арқылы оқушылардың рухани дүниесін
жетілдіру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер.
Өтілу әдісі: сұрақ-жауап
Сайыстың
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Ойын кезеңі
1-бөлім. «Тас қақпа »
2-бөлім. «Күміс қақпа»
3-бөлім. «Алтын қақпа»
4-бөлім. «Нар тәуекел» (бұл бөлімде алтын сандық ашу)
Ширату. Оқушыларға жұмбақтар жасыру арқылы, ынталарын ояту.
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (түйеқұс)
Жоқ қолы не аяғы,
Терезеге қонады.
Әсем ою ояды,
Көркем сурет салады. (аяз)
Көлдің көркі сәні екен,
Ұшқандасазды ән екен.
Киелі деп мәпелеп,
Адамдар қоғап сақтаған,
Бұл қандай құс? (аққу)
Өзі ұсақ, өзі сақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Тұрған затты қоймайды. (сауысқан)
«Тас
қақпаның сұрақтары»
1.Құнты жоқ
кісі
Көсеуменен қамшылар. (құнт-адамның ұқыптылық, жинақылық қасиеті)
2.Аға алдында пейіліңді
көрсет,
Іні алдында мейіріміңді көрсет. (Пейіл-көңіл, ниет,
ықылас)
3.Шындық қамал
бұзар. (қамал-тосқауыл, бөгет, кедергі)
4.Шыбын да аңқаудың
аузын аңқитады. (аңқау-аңғал, аңғырт адам)
«Күміс
қақпаның сұрақтары»
1.Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман
жоқ. (иман-адам бойына тән ізгілік, адамгершілік)
2.Жүйелі сөз -жүйесін
табар,
Жүйесіз сөз- иесін табар. ( жүйе-жөн, рет, тәртіп)
3.Ұлық
болсаң-кішік бол. (ұлық-әкім, төре, басшы)
4.Жер азса-тақыр, ер азса-пақыр. (пақыр-бейшара, байғұс)
«Алтын қақпа сұрақтары»
1.Барымтаға-қарымта.
(барымта-жауласқан екі елдің мал-мүліктерін тартып алуы)
2.Ақылсыз адам менмен
келер,
Ақылды адам кеңінен келер. (менмен-тәкаппар, өзімшіл)
3.Ақымақта ар болмас.
(ар-намыс, адамгершілік, ұят)
4.Ұялған сыбағасынан
құр қалар (сыбаға-қадірлі, сыйла адамға арнайы сақталған соғым еті)
«Нар
тәуекел» бөлімі
Алтын сандықты ашу құрметі. Жеңімпаз алтын сандық
ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1.Жүрек- ер, бас- кемеңгер.
(кемеңгер-дана, ақылды, данышпан)
2.Керенау
жігітке, кесапат кез болар.(керенау-енжар, жалқау)
3.Кілең шебер жиналса,
Істері тез тынады.
Кілең олақ жналса,
Біткен істі бұзады. (олақ-епсіз, икемсіз, ебедейсіз)
4.Бедері жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы.
Бейкемі жоқ туғаннан,
Бек сөйлескен сөз жақсы. (қамқа-зер талшықтары қосылып
тоқылған жібек мата)
Сабақты қорытындылау, марапаттау.
Өткізген : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова
А.К.