Тақырыбы: «Мың бір мақал,
жүз бір жұмбақ» сайысы
Мақсаты: Халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой
ұшқырлығына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар.
Жүргізушыі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мың бір мақал, жүз бір
жұмбақ» мақал-мәтелдер сайысына қош келдіңіздер.Бүгінгі сайыста 5-6 –сынып
оқушылары өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салмақ.
Сайыстың
шарты:
1. Мақал –мәтел айтудан жарыс.
2. Жұмбақ шешуден жарыс.
3. Жеңімпаздардың өзара сайысы.
Сайыс кезеңдері:
1.Сұрақ-жауап (қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру)
2. «Жалғасын тап»
(берілген мқалдарды жалғастыру)
3. «Кім жылдам?» (өзара мақал-мәтел айту)
4. «Жасырын жұмбақ» (жұмбақтардың шешуін табу)
5. «Ойлан, тап!» (оқылған өлең авторын табу)
6. «Тапқыр болсаң, шешіп көр!» (өзара жұмбақ жасыру)
1-кезең. Ортаға бес мақалшы шығады.Жарыстың шарты
берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.
1.Қар жана ма? Қалауын тапса қар жанар.
2.Кімге айтам, келінім де тыңдасын? Қызым саған айтам,
келінім сен тыңда.
3.Кімді көп қуа берсең батыр болады? Қорқақты көп қусаң,
батыр болады.
4.Не аман болса бөрік табылады? Бас аман болса, бөрік
табылады.
5.Не істесең қарның тояды? Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей.
6.Кісі елінде кім болғанша? Кісі елінде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол.
7.Қоянды өлтірген не?
Қоянды қамыс өлтіреді, ер жігітті намыс өлтіреді.
8. Жер немен
көгереді? Жаңбырменен жер көгерер.
еңбекпенен ел көгерер.
9.Жігіт кім үшін туады? Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін
өледі.
10.Ит ашуын кімнен алады? Ит ашуын тырнадан алады.
Ұпайы аз үш оқушы ойыннан шығады.
2-кезең. «Жалғасын тап»
ойыны. Қалған екі мақалшы мақалдың жалғасын табуы керек.
1.Батыр туса-.... (ел ырысы, жаңбыр жауса –жер ырысы)
2.Еңбек түбі-.. (береке, көптің түбі –мереке)
3.Білекті бірді...(жығар, білімді мыңдыжығар)
4.Қына тасқа ...( білім басқа бітеді)
5.Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер)
3-кезең. «Кім жылдам?»
сайысы. Өзара берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтел айту.
4-кезең. «Жасырын жұмбақ» (жұмбақ шешу)
Бұл ойынға бес жұмбақшы қатысады.
1.Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді. (қаңбақ)
2.Тептім, терекке шықтым. (үзеңгі)
3.Аспанда бір ана бар, маңы толған балалар. (ай мен
жұлдыз)
4.Ұшып жүрген гүл көрдім, қонғанда ұстап үлгердім.
(көбелек)
5.Бұталы биіктің екі бетінде екі бұлан жайылып жүр.
(құлақ)
6.Көлдің қарама-қарсы бетінде адамдар бір-біріне уық
лақтырып ойнайды. (көзді жыпылықтату)
7.Бір тайға үш ағасы мінгесіп жүр, екі інісі ілесіп жүр.
(қалам мен бес саусақ)
8.Ары лап, бері лап, ортасында темір сап.(есік)
9.Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады.(бас киім)
10.Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бар (алма)
Ұпайы аз үш оқушы ойыннан шығады.
5-кезең. «Ойлан, тап!»
(Оқылған өлең авторын табу)
1.Сүйемін туған тілім-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін (С.Торайғыров «Ана тілі»)
2.Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса , ыстық соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған. (Ы.Алтынсарин «Өзен»)
3.Дүние де өзі мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз. (Абай «Ғылым таппай мақтанба»)
6-кезең. «Тапқыр болсаң, шешіп көр!» (өзара жұмбақ
жасыру)
Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі
Бидалова А.К.