Жаңажол негізгі
мектебі гуманитарлық пәндер бірлестігі
І тоқсан бойынша
есебі.
2016-2017 оқу жылы
Бірлестіктің жұмыс істеу тақырыбы:Жаңа технологиялық
әдістердің тиімді элементтерін пайдалан отырып оқушылардың тіл байлықтарын,
дүниетанымын арттыру.
Мақсаты: Көркем таза сөйлеу, дүниетанымын арттыру,
шығармашылыққа баулу.
Алға қойған міндеттер: Стандарт бойынша білімді қамту.
Жаңа технологияларды пайдалана отырып,ақпарат алмасу
жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру.
Мектепішілік іс жүргізу барысы қазақ тілінде
жүргізіледі.
Жұмыстардың барлығы мемлекеттік тілде өткізіледі.
І тоқсан барысында гуманитарлық пәндер бірлестігінің
атқарған жұмыстарына тоқталып өтетін
болсақ.
Белгіленген жоспар бойынша бірлестік отырысында
«Жаңартылған бағдарлама бойынша тарих пәндерінде оқушылардың білімін арттыру»,
«Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту» , тақырыптары бойынша
баяндамалар оқылды. Бірлестік жетекшісі мен пән мұғалімдері арасында өз
тәжірибелерімен бөлісу мақсатында пікір алмасу өткізілді.Әр пән мұғалімі өзінің
жұмыс барысында жеткен жетістігі мен кемшіліктеріне тоқталды. Сабақ барысында
топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі айтылды, өкінішке орай сыныптағы
оқушылар санының аздығы, қосарланған сыныптардың болуы біраз қиындықтар туғызатынын тілге тиек етті.
Қыркүйек айында тілдер мерекесіне арналған іс-шараларға
барлық мұғалімдер ат салысты. 8 қыркүйек күні тілдер күніне арналған
онкүндіктің жоспары құрылып, бекітілді және оқушыларға таныстырылды. 9-16 қыркүйек
күндері «Тіл-әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 10-14
қыркүйек аралығында «Үш тілді білу-елге
үлгі болу» сыныптан тыс іс-шарасы өткізіліп оған 5-9 сынып оқушылары қатысты. Тіл
тұтастығы-ел тұтастығы» тақырыбында шығармалар байқауы өтті.Шығарма жазуға 5-9 сынып оқушылары қатысты. 10-12
қыркүйек аралығында «Дәстүрлердің шапшаң құбылуы» тақырыбында сынып сағаттары
өткізілді. Сонымен қатар 10 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімі Курманова Г.К.
«Let, s speak English» сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сол күні орыс
тілі пәнінен «Русский на пять» атты білім сайысы өтті және бастауыш сынып
оқушылары арасында 16-қыркүйек күні «1001 мақал,101 жұмбақ» сайысы, 12 қыркүйекте
4 сынып оқушыларының арасында «Жүзден жүйрік»білім сайысы өтті.14 қыркүйек күні
5-9 сынып оқушыларымен қазақ тілінен «Сөз мерген» білім сайысы өткізілді.15
қыркүйекте «Құтты білік» атты тарих пәнінен интеллектуалдық ойын тарих пәнінің
мұғалімі Бидал А.И. өткізді. 13-15
қыркүйек аралығынды «Тіл ақылдың көрінісі,бірліктің кілті»атты суреттер көрмесі
өткізілді.Онкүндік соңында «Ұлт тірегі-тіл» атты мерекелік концерт өткізілді
оған барлық оқушылар белсене қатысты.
Сондай-ақ,оқу жылының басында оқушылардың оқу машығы тексерілді,тексеріс
барысында барлық оқушылардың нормаға сай оқитындығы байқалды.
Жыл басында барлық пәндерден бақылау жұмыстары алынды. Мұғалімдер өз білімін
көтеру мақсатында ізденіс жұмыстарын жалғастыруда.
Мектеп директоры: Б.Сыздықов
Орын. Курманова Г.К.
Тел.5-38-34