Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) оқушылардың еліміздің Тәуелсіздік алғалы 26 жыл толуына
орай білімдерін кеңейту.
ә) отанды сүюге, ел
байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар
керек екенін ұғындыру.
б) бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды
Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Қолданылған әдістер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,
көрнекілік, плакат, суреттер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан
Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н.
Назарбаев суреті, буклет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа
дайындау.
1-жүргізуші
Аружан:
- Құрметті қонақтар
Біздің сыныбымызға келген
қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып
қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 3-сынып
оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші
Надира:
- Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Сіздерді 16-желтоқсан
Тәуелсіз Қазақстанымызға 26 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор
денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.
Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы-білімді ұрпақ»
1-жүргізуші
Аружан:
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным
Хор: «Әнұран»
1-жүргізуші Аружан:
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріп білмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.
2-жүргізуші Надира:
17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай, қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап, өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.
Мұғалім сөзі: Оқушылар сабақтын басынан бастап
Тәуелсіздік сөзін біраз қайталап айттық. Ал енді осы Тәуелсіздік сөзіне
топтастыру жасайық. Тәуелсіздік алған кезде біз қандай мүмкіндіктерге қол жеткіздік?
Қазақ
мектептеріндегі білім алу мүмкіндігі
Өз ана
тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік
Ата
салтымыздың оралуы
Басқа елдерден тәуелді емес болу
Жақсы оқушылар тәрбие сағатынымызды
жалғастырайық.
1-жүргізуші Аружан:
Иә, желтоқсан оқиғасын
еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен
апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының
астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.
Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай. Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.
2-жүргізуші Надира:
1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз.
Мәресі мұңлы мағасырдан
ғасырға кетер ісінің,
Атақты Желтоқсан көтерілісінің,
Ең басты күресі тіл үшін болғанын.
Бақ тілеп тілге иліккендерге,
Бұл жолы да біз билікпен бірге,
Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....
1-жүргізуші Аружан:
Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.
Ән: «Туған жер»
1-оқушы:Надира
Желтоқсанда үзілген жас буындар
Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар
Ұмытылмас мәңгілік батырларды
Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.
2-оқушы:Іңкәр
Батыр аға-апалар ұран еткен
Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен
Қазақстан тәуелсіз ел болғанда
Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен.
3-оқушы:Айсултан
Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,
Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның
4-оқушы:Бекзат
Азат рухты
мен шын сүйем
Тәуелсіздік
тәу етер жалғыз кием
Жақсы күнге
жете алмай шаһит болған
Желтоқсан
құрбанына басымды ием
5-оқушы:Аружан
Жас арудың
жанарында Желтоқсан
Қанды ғасыр
табанында Желтоқсан
Қаралы өмір
қайыстырған Желтоқсан
Қара тұман
қабағында Желтоқсан
6-оқушы:Камила
Намысымның
шырағы да Желтоқсан
Сұрқай өмір
сынағыда Желтоқсан
Жігіттердің
ұраны да Желтоқсан
Жаңа күннің
шуағы да Желтоқсан
2-жүргізуші Надира:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
1-жүргізуші Аружан:
Туған елдің азаматтығы
мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол
Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл
күнде толық жүзеге асты
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар
бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың
ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық
мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер
жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат
еткен бабалар үрдісінің жалғасы.
Мұғалім сөзі: Оқушылар сендер Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? Отан
үшін қандай жақсылық жасау керек?
Туған
жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Отан
– отбасынан басталады.
Отан
үшін отқа түс, күймейсің.
Ер
жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отан
– оттан да ыстық.
Жақсы.
Жарайсыңдар.
2-жүргізуші Надира:
-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік
туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың
асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз
кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің
де қанаты қатайып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне
енгеніне,бүгінде 26 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк
туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз, дініміз, халықтың басын біріктірген киелі
шаңырағымыз да бар. Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас
етіп, мың өліп , мың тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен
мұраты-Тәуелсіздік!
1-жүргізуші Аружан:
Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып, буынған ел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шантыққа қадам басты ел – дей отырып осы мерекемен бізді құттықтап келген төртінші сынып оқушыларын Көкке өрле әнімен қарсы
алайық.
Камила:
Болашаққа серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт,
Тәуелсіздік ынтымақ
Тәуелсіздік еркіндік.
Іңкәр:
Он алтыншы Желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын
Айсултан:
Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастағанда Желтоқсан
Бекзат:
Он алтыншы Желтоқсан
Туелсіздік алған күн
Мерекеде ел тосқан
Шырқатып ән салған күн
Аружан:
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күнімен
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем
Надира:
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік –ұлық той
Би: «Қара
жорға»
2-жүргізуші Аружан:
Біздің алға қойған мақсатымыз алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті
50-елдің қатарына ену.Сондықтан халықтың ,ойы,көңілі,тілегі мына бізде,яғни
жастарда.
Қалың елім,қайран жұртым көбейсін
Ата-бабам!Әруақсың,жебейсің
Алты алаштың көсемдері құрбан боп,
Бәрі-бәрі кетті арманда,не дейсің.
1-жүргізуші Надира:
Бабалар армандаған – тәуелсіздік,
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.
Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.
Мұғалім сөзі: Оқушылар енді
тақтаға назар аударайық. Сендерге сандар берілген. Осы сандар бізге
мерекелердің атауларын жасырып тұр екен. Оларды шешіп көрейік. Жақсы. Рахмет .
Сендер барлық мерекелерді біледі екенсіңдер.
2-жүргізуші Аружан:
Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы,
Сарқылмайтын қазағымның бұлағы.
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз,
Көк аспанда қалықтаған қыраны.
Тәуелсіздік – баршамызға жарық
күн,
Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.
Арайлап атқан күн мен батқан түннің,
1-жүргізуші Надира: Енді Тәуелсіздік туралы білетінімізді
ортаға салайық
Мұғалім сөзі: Иә менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
Қай елде Елбасымызға
ескерткіш орнатылды?
(Түркия астанасы
Анкарада)
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай
деректі фильмдер түсірілді?
( «Жаңа тарих- жарқын тұлға» )
«Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Гимн ретінде
қай жылы қабылданды? ( 2006 жылы
7 қаңтар)
Астана
туралы қандай фильм түсірілді?
( «Астана –Отанымыздың жүрегі»)
«Қазақ
елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы
қанша тонна?
( 91 метр, құс
мүсінінің салмағы 2,5 тонна)
Қазіргі
Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы)
2-жүргізуші Аружан:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Тойланып мың мереке,ұлыс күні
Мұны бізге ешкім алып бермеді.
Құйылған шаңырақтың ырыс нұры
Тәуелсіздік Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Халқымның бақыты үшін аз байлық па?
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Тәуелсіз еліміздің
тыныштығы
1-жүргізуші Надира:
Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз
еліміздің тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске
алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты.
Мұғалім сөзі
Ән «Астана» орындайтын Өндіріс Бекзат және Каиркешева Надира
Мұғалім сөзі
Ежелгі
қазақ даласындағы елін, жерін қорғау үшін жүргізілген шайқастар, мың тоғыз жүз
он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы
тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді
дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.
Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөзбен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
сөз кезегін мектеп директоры Берік Өндірісұлына беріледі.
Осымен
«Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге
рахмет. Қош сау болыңыздар.