"Жаңажол ауылының негізгі орта мектебі Ерейментау ауданы білім бөлімі Ақмола облысының білім басқармасы" КММ
  КГУ "Основная средняя школа села Жанажол отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттар күні

19.02.2018

Жүргізуші: Қайырлы күн асқар таудай аталар, ақ жаулықты аналар!

Қадірменді қауым!

Бүгін  Қарттар күні сіздерменен ортамызда

мейірлі мерекеде қауышқанымызға қуаныштымыз. Мереке құтты болсын!

Хош

келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары.


Жүргізуші:

Ел

мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін

аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола

білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым

заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері

болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның

сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі

тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге

лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай

отырып, «Қарияларға бас иеміз» атты кешімізге хош келдіңіздер.


Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Сыздықов Берік

Өндірісұлына береміз.

Жүргізуші:

Дүниеге келер бір

рет

Құрыштан құйған құдірет

Балалар, ол кім?

Әрине қарттарымыз.

Олай болса бүгінгі кешімізді 8-сынып оқушысы Гарифолла Мейіржанның орындауындағы

«   Асыл әкем   » әнімен ашамыз.

Өн

бойың тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат

Жадыраймын жадырайын,

Көңілденіп күлемін.

Жанар ма деп талабым,

Ата ақылын тыңдаймын.


Қариялар ақ басты елдің сәні,

Сіздерменен дүниенің кірер әрі.

Жасымаңдар атандым деп,енді кәрі,

Сіздерден тамырланып келді бәрі.

Сіздерді қамқоршы тілеуқор деп сыйлайды.

Халқың бүгін қошеметпен.

 

Бүгін де сіздердің өмірлеріңіздің жалғасы 2-4 сынып

оқушыларына құлақ салайық. Ән «Алтын ана»

1 оқушы.

Сән

еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.


2 оқушы.

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара – пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!


 

3

оқушы 

Атам менің әманда

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы.


4 оқушы

Ата

күні - әже күні әлем күні

Әлемде теберінділер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

5

оқушы

Сен қартайдың дегенге мен сенбеймін,

Әжіміңмен кәрілік өлшенбейді.

Әжім деген-әйгілі тамшы уақыт.

Тамшы уақыт тастан да жеңсем дейді.

 

6 оқушы Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Ән: «Туған жер»

 Орындайтындар 

3-сынып оқушылары

1-сынып

бүлдіршіндерінің орындауында қазақ биін тамашалаңыздар.

Көрініс «Оны кім

жейді?»

Ата

ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның

мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды

іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта

береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст